Пара Азиада: ел қоржынына тағы екі алтын түсті

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.


23/10/2026
12:08 0

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, паравелоспорттан ерлер арасында B санатында Наиль Ермуханбет 65 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтын медаль иеленді. Кирилл Илюкевич мәреге 2 сағат 11 минут 42 секундта жетіп, күміс жүлдегер атанды.

 

Әйелдер арасындағы 55 шақырымдық жарыста Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова 2 сағат 9 минут 43 секундта мәреге жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

 

Бұған қоса, бүгін, 23 қазанда, Қазақстанның ерлер құрамасы парапауэрлифтингтен 412,09 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Команда сапында Давид Дегтярёв, Ерболат Карибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті.

 

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 48 медаль бар. Оның 12-сі – алтын, 15-і – күміс, 21-і – қола.

Поделиться

Нет комментариев.

23/10/2026 12:08
0

Уведомление